- Су дайындау жүйелері
- Өнеркәсіптік суағарларды тазарту
- Тұрмыстық суағарларды тазарту
- Блок-контейнерлер, вахталық кенттер
- Металл құрылмалы ғимараттар
- Газ-мікбас электр станциялары
- Дизельдік электр станциялары
- Модульдік қазандықтар
Құрамалы панельдік құрылмалар және блок-контейнерлер негізінде тез тұрғызылатын ғимаратттар, вахталық ауылдар | Әкімшілік және тұрмыстық ғимараттар, жатақханалар, сауда кәсіпорындарына арналған ғимараттар, денсаулық сақтау және демалыс орындарына арналған ғимараттар, кеңселік және муниципалдық ғимараттар, санитарлық-гигиеналық ғимараттар, асханалар, арнайы мақсаттарға арналған ғимараттар. 3 қабатқа дейін жететін ғимараттарды тұрғызу. Қажетті жиһазбен және жабдықпен жеткізу, инженерия. |
Металл құрылмалы ғимараттар | Қоймалар мен ұшақжайлар, өнеркәсіптік және әкімшілік ғимараттар, көлік салондары мен көлік жуу орындары, әуе ұшақжайлары, сауда кешендері, спорттық және ойын-сауық орталықтары, көкөніс пен көк шөпті сақтауға арналған қоймалар, құс және шошқа фермалары, сиыр және ат қоралары, т.б. |
Газ-мікбас электр станциялары | Агрегаттың бірліктік қуаттылығы - 30 кВт — 350 кВт. Өрісті сөндіру автоматы (ӨСА) бір-бірімен және желімен қатарласа жұмыс жасай алады. Отын: ілеспе мұнай газ, шахталық метан, магистралдық газ, биогаз, пропанбутанды қоспа. Жасап шығарылатын түрлері: жақтауда, арнайы блок-модульде. |
Дизельдік электр станциялары | Қуаттылығы: 30 кВт — 350 кВт, автоматтандырудың I — II дәрежесі. Жеткізілім түрлері: жақтауда, блок модульде (стационарлық түрде, сүйретпе/шасси арқылы). |
Модульдік қазандықтар | Қуаттылығы 0,1 МВт — 40 МВт құрайтын су жылытатын және бу қазандықтары. Отын: сұйық, қатты, газ тәрізді. Жасап шығарылатын түрлері: стационарлық (блок модульдерде), қозғалғыш бөлігі арқылы. |
Су дайындау жүйелері | Қолданылу аясы: ауыз суды дайындау, жылу энергетикасы, фармацевтика және химия өнеркәсібінде теңіз суын, технологиялық суды тұщыландыру, электрондық өнеркәсіптегі ионсыздалған су. |
Өнеркәсіптік суағарларды тазарту | Құрамында мұнай бар пайдаланылған суларды, нөсерлі жауыннан жиналған суларды, ет өңдеу, сүт, балық өңдеу, кондитерлік, тері-жүн, тоқыма, лак және бояу жасау, қағаз, химиялық және фармацевтикалық өнеркәсіптерінде пайдаланылған суларды, теңіз және өзен кемелерінің машиналық бөлімдері едендерінің астында жиналған суларды тазалауға арналған. |
Тұрмыстық суағарларды тазарту | Қондырғылар шағын көлемді болып табылады. Коттедждер, вахталық ауылдар, шипажайларда пайдаланылған суларды тазалауға арналған. |